«Дін – тәрбие діңгегі» дөңгелек үстел өтті.

12 мамыр күні балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Дін – тәрбие діңгегі» дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Дін проблемаларын зерттеу орталығының Шу ауданы бойынша арнайы бөлім басшысы Мырзабек Жұмабекұлы қатысып, тұрақты оқырмандардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында діннің қоғамдағы орны, жастар тәрбиесіндегі маңызы және діни сауаттылық туралы кеңінен әңгіме өрбіді. Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, көкейлеріндегі сауалдарына тұшымды жауап алды.