“Дін – тәрбие діңгегі” атты ақпараттық сағат өтті.

26 ақпан күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкері және мәдениет қызметкері бірлесе “Дін – тәрбие діңгегі” атты ақпараттық сағат өтті.

Мақсаты: оқырмандардың дін туралы түсініктерін, мұсылман діні және теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейту, рухани және имани тәрбие беру, асыл дінімізге құрметпен қарап, сенімге селкеу түсірмеуді насихаттау.

Шара барысында ауыл имамы Табаев Данияр басқа ағымдардың асыл дінімізге жасап жатырған шабуылдардың алдын алу сияқты, қоғамымыздың өзекті мәселелерін қозғады. Сөз соңында ақпараттық технологияның дамыған заманында әртүрлі ағымдардың жетегінде кетпес үшін діни білім алудың маңыздылығы туралы айтты.

Кітапханашы жастарға ғаламторды дұрыс пайдалану туралы, ақпараттық құрал арқылы әртүлі арабша жазылған яғни өзіңіз түсінбейтін сөздерді өзгеге таратпау керектігін ескертті.

Шара соңында “Дін – тәрбие діңгегі” атты кітап көрмесімен таныстырды.

Возможно, это изображение 14 человек, люди учатся и текст