«Дін – тәрбие діңгегі» атты әңгіме-дау өтті.
21 қыркүйек күні №1 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен «Темір жол» колледжі білімгерлерінің қатысуымен «Дін – тәрбие діңгегі» атты әңгіме-дау өтті.
Іс-шара барысында діннің адам өміріндегі орны мен тәрбиелік мәні, имандылық, мейірімділік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу және адамгершілік қасиеттер туралы кеңінен сөз қозғалды. Сонымен қатар оқырмандарға дін мен дәстүрдің сабақтастығы, қоғамдағы өзара сыйластық пен татулықтың маңызы түсіндірілді.
Кездесуге Сауытбек ауылындағы «Асайын-Кәлпе» мешітінің имамы Ш.Ж. Қамаубаев қатысып, діннің адам тәрбиесіндегі рөлі жөнінде өз ой-пікірін ортаға салды. Әңгіме-дау барысында қатысушылар да өз пікірлерін білдіріп, өзара ой алмасты.
Сондай-ақ жастарды түрлі діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру, діни сауаттылықты арттыру, діни ақпаратты дұрыс ажырата білу және күмәнді ақпараттарға сыни көзқараспен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.





