«Дін ислам имандылығы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

14 наурыз күні Мойынқұм ауылдық кітапханасында теріс ықпалды діни ағымдардан сақтау, дәстүрлі дінге салауатты көзқарас қалыптастыру мақсатында «Дін ислам имандылығы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында кітапханашы Қазақстан аумағында таралған діни ағымдар және теріс ықпалдағы діни ағымдар жайлы түсінік берді. Шу аудандық Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы Смайылов Мырзабек оқырмандарға ислам және оның шарттары туралы, діни экстремизге қарсы күрес жайында түсіндіріп өтті.