“Дін ислам имандылығы” атты кездесу сағаты өтті.
3 қараша күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен ауыл имамы Қоспанов Әбусейіт Мадімарұлымен “Дін ислам имандылығы” атты кездесу сағаты өтті. Шара барысында дін Исламның қоғамдағы беделі мен абыройын, мұсылманның ары мен намысын жоғары қоятын, сондай-ақ Исламда әмірлер мен тыйымдар бар. Ата-ананы сыйлау, ұстазды құрметтеу, аманатқа қиянат етпеу, қоғам мүлкіне қол сұқпау секілді қоғамды дамытатын нағыз адами құндылықтар жайлы баяндама оқылып,ауыл имамы жастарға ұрлық басқа да жаман әдеттен аулақ болу, діни сауатты болуға шақырды .



