«Денсаулық-зор байлық» спорттық ойын өтті.
6 сәуір күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 7 сәуір -Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулық-зор байлық» спорттық ойын өтті.
Іс-шара барысында оқушылар арасында шашки ойыны ұйымдастырылды.Шашки ойыны туралы қысқаша мәлімет беріліп, ойын ережесімен таныстырып өтті.Ойын барысында оқушылар логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, алға жоспар құруды үйренді.




