«Денсаулық – өмір салты» атты дөңгелек үстел өткізілді.

24 шілде күні Далақайнар ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Денсаулық – өмір салты» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты сақтаудың маңызын түсіндіру және зиянды әдеттердің алдын алу. Дөңгелек үстел барысында кітапханашы қатысушыларға дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, жеке бас гигиенасы және денсаулықты нығайтудың негізгі қағидалары туралы кеңінен әңгімеледі. Сондай-ақ зиянды әдеттердің адам ағзасына тигізетін кері әсері жөнінде түсіндіріп, олардың алдын алу жолдарына тоқталды.

Кездесу барысында оқырмандар өз пікірлерімен бөлісіп, денсаулықтың адам өміріндегі баға жетпес құндылық екені туралы ойларын ортаға салды. Іс-шара жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және пайдалы әдеттерді қалыптастыруға үндеді.