«Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние» атты библиокешниг өткізілді.

4 сәуір күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағуни атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушыларымен 7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние» атты библиокешниг өткізілді.Шара барысында кітапханашы оқырмандарымызға деніміз сау болу үшін қандай нәрселерге мән беруімізді, денсаулыққа-ең пайдалы тағамдарды, жүйелі түрде спортпен шұғылдану туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.Оқушылармен бірге денені шынықтыратын жаттығу, қол күрес, жүгіру, футбол ойындары ұйымдастырылды.Спорт туралы мақал-мәтелдер, денсаулық туралы сұраққа-жауап берілді.