«Денсаулық – адам бақытының бірінші байлығы» атты денсаулық сағаты өткізілді.

7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Белбасар ауылдық кітапханасында «Денсаулық – адам бақытының бірінші байлығы» атты денсаулық сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, оқырмандарға денсаулықтың маңызын түсіндіру, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігін арттыруға бағыт беру.

Шара барысында қатысушыларға денсаулықты сақтау жолдары, зиянды әдеттерден аулақ болу және күнделікті өмірде пайдалы дағдыларды қалыптастыру туралы мәліметтер берілді.