«Дені саудың – жаны сау» атты библиотерапия сағаты өтті.
7 шілде күні Тасөткел ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Дені саудың – жаны сау» атты библиотерапия сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың, жеке бас гигиенасын сақтаудың маңызын түсіндіру және зиянды әдеттерден аулақ болуға насихаттау.
Іс-шара барысында ауылымыздың медбикесі Ә. Сержанова оқушыларға денсаулықтың адам өміріндегі маңызы, жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану және спортпен шұғылданудың пайдасы туралы жан-жақты түсіндірді. Кездесу барысында оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.




