«Дариға, домбыраңды берші маған» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
1 шілде күні Еңбекші ауылдық кітапханасында кітапхана қызметкері ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне орай «Дариға, домбыраңды берші маған» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру және рухани мұрамызды насихаттау.
Тәрбие сағаты барысында қатысушылар мерекенің маңызы туралы пікір алмасып, ұлттық өнердің ұлт мәдениетіндегі орны жөнінде ой бөлісті. Шара мазмұнды әңгімемен өріліп, қатысушылардың қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін нығайтты.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өскелең ұрпақтың ұлттық рухын қалыптастырып, мәдени мұрамызды құрметтеуге тәрбиелейді.


