«Дариға, домбырамды берші маған» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
1 шілде күні №2 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен «Дариға, домбырамды берші маған» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға домбыраның халқымыздың рухани өміріндегі ерекше орны мен маңызы туралы кеңінен әңгімелеп:
«Домбыра – халқымыздың жүрегі, ұлт рухының үні. Оның қос ішегінен төгілген күйде халқымыздың тарихы, тағдыры, ерлігі мен елдігі жатыр», – деп атап өтті.
Танымдық сағат барысында оқушылар қасиетті домбыраның шығу тарихымен танысып, ұлттық өнердің құндылығы жайлы мол мағлұмат алды.
Іс-шараның мақсаты: қасиетті домбыраның тарихын және ұлттық өнердегі орнын насихаттау, оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, күй өнері мен халық әндерін дәріптеу.
Домбыра – халқымыздың мәңгілік мұрасы, ұлттық рухымыздың асыл қазынасы.



