“Дархан дарын иесі” атты портреттік кеш өтті.
24 желтоқсан күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен халық жазушысы мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 85 жас мерейтойына орай “Дархан дарын иесі” атты портреттік кеш өтті. Мақсаты: Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Әбіш Кекілбаевтың қаламгер қайраткерлігі туралы оқушыларға кеңінен түсіндіріп өтті. Іс-шара барысында кітапханашы бейне слайд көрсетіп, кітаптарына шолу жасалынды.




