“Дарабоз ерлік дастаны” атты әдеби шолу ұйымдастырылды.

13 қазан күні Шоқпар ауылдық кітапханада оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық әдебиетіміздің көрнекті өкілдерінің шығармаларын насихаттау, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру мақсатында «Бір ел – бір кітап” акциясы аясында Қабдеш Жұмаділов шығармаларындағы “Дарабоз ерлік дастаны” атты әдеби шолу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мәлімет берілді. Жазушының қазақ халқының тарихын, тағдырын, туған жерге деген сүйіспеншілігін, ұлттық рух пен елдік мұратты арқау еткен шығармаларына шолу жасалды.

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, детская игрушка и текст