«Дана да дара тұлға» атты еске алу кешін өткізді.
23 желтоқсан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Ы.Алтынсарин мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Ел болып оқымыз» жобасы аясында даңқты батыр, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Б.Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай «Дана да дара тұлға» атты еске алу кешін өткізді. Аталған шарада батырдың өмірі мен ерлік жолы таныстырылып, 8 сынып оқушысы Санжар Тұрсынбек нақыл сөздерін, 6 сынып оқушысы Омар Айсұлу өлеңдерін оқып, оқушылар ерлікке толы өмірінен үлгі алды. Кеш соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.






