«Даланың дара ұстазы» тұлғатану сағаты өткізілді.
2 қараша күні Сауытбек ауылдық кітапханасында қазақтың көрнекті ағартушысы, ұстаз, жазушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына орай «Даланың дара ұстазы» тұлғатану сағаты өткізілді. Іс-шара барысында Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласында білім беру ісін дамытуға қосқан үлесі, алғашқы мектептерді ашудағы еңбегі және ағартушылық қызметі туралы кеңінен айтылды.



