«Даланың дара ділмары» тұлғатану сағатын ұйымдастырып өткізді.

17 қыркүйек күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері қазақтың әйгілі шешені, биі, ақыны әрі ел бірлігін дәріптеген тарихи тұлға Бөлтірік Әлменұлының 255 жылдық мерейтойына орай «Даланың дара ділмары» тұлғатану сағатын ұйымдастырып өткізді.

Іс шара барысында Бөлтірік Әлменұлының өмірі мен ел тарихындағы орны туралы мәліметтер беріліп, оның шешендік сөздері мен нақылдары оқушыларға таныстырылды. Оқушылар тұлғаның өнегелі өмірі туралы ой бөлісіп, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар шешендік өнердің ерекшеліктері талқыланып, Бөлтіріктің ұлағатты сөздерінің тәрбиелік мәніне назар аударылды.