«Даланың дана шешені- Бөлтірік би» дайджест өткізілді
16 маусым күні Сауытбек ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті шешені, биі, батыры Бөлтірік Әлменұлының 225 жылдық мерейтойына орай «Даланың дана шешені- Бөлтірік би» дайджест өткізілді. Кітапханашы бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне және батырлыққа бейім болған, есейген шағында ел арасындағы жер, су, еңбек, құн және жесір дауларына талай әділ төрелік айтқандығы туралы айтты. Шара соңында кітапхананың кітап қорындағы «Батырлар жыры» кітабынан Бөлтірік шешеннің нақыл сөздерімен таныстырды.



