«Даланың дана перзенті» портреттік кеш өтті.

25 мамыр күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, қазақ ақыны, жазушы лангвист-ғалым Олжас Омарұлы Сүлейменовтың 90 жылдығына орай «Даланың дана перзенті» портреттік кеш өтті.

⚜️Шара барысында Олжас Сүлейменовтің шығармаларымен танысып, оның поэзиясы мен азаматтық ұстанымына қызығушылық танытты. Сонымен қатар, кітапхана қорындағы автордың кітаптарына шолу жасалып, оқуға ұсынылды.