«Дәуірдің жұлдызды тұлғасы – Бауыржан» атты әдеби круиз өтті.
18 желтоқсан күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Қазақстанның халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры, әйгілі қолбасшысы Бауыржан Момышұлына арналған «Дәуірдің жұлдызды тұлғасы – Бауыржан» атты әдеби круиз өтті. Мақсаты: Жас ұрпақтың санасына ұлттық рухты дарыта отырып, аты аңызға айналған, туған топырағымыздың тарланы, қазақтың біртуар перзенті, әйгілі қолбасшысы Халық қаһарманы Б. Момышұлының ерлігін насихаттау.



