“Дәуір үні Нұр аға” атты музыкалық кинолента өткізілді.
31 наурыз күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Кеңес Одағының Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай “Дәуір үні Нұр аға” атты музыкалық кинолента өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы өнер қайраткерінің өміріне шолу жасап, 20-шы ғасырдағы “Көш керуен”, “Ата толғауы”, “Аққу”, “Әлқиса”, “Махамбет” атты жарыққа шыққан күйлеріне тоқталып, Нұрғиса Тілендиевтің өнерін, қалдырған асыл музыкасын халқының құлағында мәңгі қалатынын атап өтті.

