«Дәстүрлі әнші – Аяз ақын» атты өмірбаяндық шолу өткізілді
12 тамыз күні Көктөбе ауылдық кітапханасында ақын, әнші, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, термеші, композитор, 1970 жылдан бастап Шу ауданы мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып қызмет атқарған Аяз Бетбаевтың туғанына 84 жыл толуына орай «Дәстүрлі әнші – Аяз ақын» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы Аяз Бетбаевтың өмірі мен шығармашылық жолына кеңінен шолу жасап, ақынның өнердегі өзіндік қолтаңбасы туралы баяндады. Қатысушыларға бейнеслайд көрсетіліп, Аяз Бетбаевтың терме өнерін жанына серік еткен өнерпаз екендігі атап өтілді.



