«Дәстүрлі әннің дара дауысы» сыр кеші

 «Дәстүрлі әннің дара дауысы» сыр кеші

13 тамыз күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық мемлекеттік кітапханаларының дәстүрлі ән өнерін насихаттаушы әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, филология ғылымдарының кандидаты, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Сәуле Жанпейісованың 60 жас мерейтойына орай «Дәстүрлі әннің дара дауысы» атты сыр кеші өткізілді.

Сырлы кеш барысында оқырмандарға Сәуле Жанпейісованың өмірі мен шығармашылық жолы, дәстүрлі ән өнеріне қосқан үлесі туралы кеңінен баяндап, әншінің өнердегі биік белестерімен таныстырды.