«Д.А.Қонаев және әділетті қоғам» атты еске алу кеші өткізілді.
10 қаңтар күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушыларымен кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа 113 жыл мерей тойына орай «Д.А.Қонаев және әділетті қоғам» атты еске алу кеші өткізілді.Шара барысында кітапханашы оқырмандарға қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, ақыл парасатымен дараланған ұлы адам және өмірбаянымен таныстырып өтті.




