«Дәуірдің жұлдызды тұлғасы» атты ерлік кеші өткізілді.
30 қаңтар күні Көктөбе ауылдық кітапханасының қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Кеңес Одағының батыры, гвардия подполковнигі, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының «Дәуірдің жұлдызды тұлғасы» атты ерлік кеші өткізілді.Іс шараға тұрақты оқырмандар қатысып, кітапханашы Бауржан Момышұлы туралы қызықты әрі мағыналы ақпараттармен бөлісе отырып, жазушының отыз томдық шығармаларымен таныстырса, 8 сынып оқушысы Серік Жанел « Ана тілін ардақта» атты өленің оқып берді.

