«Теміржол – ықпалдастықтың кепілі» атты кездесу кеші өтті.

3 тамыз күні Шоқпар ауылдық кітапханасында «Теміржол – ықпалдастықтың кепілі» атты кездесу кеші өтті.

Кездесу кешіне теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысып, өздерінің еңбек жолы, саланың ерекшеліктері мен жетістіктері туралы мазмұнды әңгімелер өрбітті. Қатысушылар теміржолшылар еңбегінің маңыздылығына тоқталып, жас ұрпаққа ақыл-кеңестерін айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті.