“Болмысы бөлек тұлға” атты портрет кеші өткізілді.

17 қыркүйек күні Көктөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен “Бір ел- бір кітап” Республикалық акциясы аясында ақын, жазушы, әдебиет сыншысы, “Оңтүстік Қазақстан” газетінің жауапты хатшысы, журналист, Қазақ әдебиетіндегі өнер, өнер адамдары туралы тақырыпты терең игеріп, көп жазған автордың бірі Тәкен Әлімқұловтың 107 жылдығына орай “Болмысы бөлек тұлға” атты портрет кеші өткізілді.Іс шараға Жамбыл атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушылары қатысып, кітапханашы Тәкен Әлімқұлов барша қазақ халқының жүрегіндегі ұлы тұлға, қазаққа көп еңбек сіңірген сыршыл жазушы. Тәкеңдей талғампаз қаламгердің сүреткерлік феноменін ой елегінен өткізсек артық емес.Тәкен Әлімқұлов шын мәнінде соңына қымбат мұра қалдырды деп, өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырып өтті.