«Біздің өміріміздегі әндер» атты әдеби караоке өткізілді.

2 ақпан күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, білім орталығында қазақтың көрнекті композиторы, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Кеңес Дүйсекеевтың 80 жылдығына орай «Біздің өміріміздегі әндер» атты әдеби караоке өткізілді.

Шараға № 10 Шу колледж білімгерлері қатысып, кітапханашы К.Дүйсекеевтың өмір жолы, өнер жолы мен шығармаларын таныстырды.