«Біз жемқорлыққа қарсымыз» ақпараттық сағат өткізілді.
16 маусым күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Біз жемқорлыққа қарсымыз» ақпараттық сағат өткізілді.
Ақпараттық сағат барысында қатысушыларға жемқорлық ұғымы, оның түрлері мен қоғамға келтіретін зардаптары туралы мағлұмат берілді. Жастар арасында адал еңбек пен заңға бағынудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидалары таныстырылып, елімізде жүзеге асырылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат ұсынылды.Іс-шара барысында оқырмандар өз ойларын ортаға салып, тақырыпқа байланысты пікір алмасты. Сұрақ-жауап ұйымдастырылып, қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған мәліметтер берілді.


