“Біз сыбайлас-жемқорлыққа қарсымыз” тақырыбында кітапханалық ток-шоу өтті.

20 қаңтар күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Біз сыбайлас-жемқорлыққа қарсымыз” тақырыбында кітапханалық ток-шоу өтті. Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, оның жауапкершілігі бойынша ақпарат беріліп, оқушылар да өз ойларымен бөлісті.