«Бірлігі күшті ел озады» дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.
30 сәуір күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Бірлігі күшті ел озады» дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: Әртүрлі этностардың әдеби мұраларын таныстыру, олардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу және қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту. Іс-шара барысында қатысушылар қазақ және өзге де халықтардың ақын-жазушыларының шығармаларын мәнерлеп оқып, тақырыпқа сай әндер шырқап, би биледі.




