«Бірге оқимыз – бірге өсеміз» атты кітап оқу шарасы ұйымдастырылды.

21 тамыз күні Бәйдібек ауылдық кітапханасында оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Бірге оқимыз – бірге өсеміз» атты кітап оқу шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар өздері ұнататын кітаптарын таныстырып, қызықты шығармалар туралы ой бөлісті. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның білім мен тәрбиенің бастауы екендігі туралы әңгіме жүргізілді. Балалар кітап оқып, шығармалардағы кейіпкерлерге өз көзқарастарын білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті.

Шара барысында оқырмандар бір-бірімен пікір алмасып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік алды. Кітап оқуға деген ынталары артып, өздеріне ұнаған шығармаларды өзгелерге ұсынды.