«Бір кем дүние» атты дөңгелек үстел өткізді.

19 мамыр күні орталық кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, халық жазушысы, драматург, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан танымал тұлға Шерхан Мұртазаның шығармашылығына арнап «Бір кем дүние» атты дөңгелек үстел өткізді.

Аталмыш шарада Ш.Мұртазаның балалық шағы, өскен ортасы, қызмет жолы, шығармашылығы, аудармалары туралы әңгімелеп, жазушының өмір жолына, шығармаларының ерекшелігіне, қоғамдық өмірден алынған тілі көркем суреттелген шығармалары айтылды.

Сондай-ақ, іс-шара барысында жазушының көркем әдеби дүниелері мен публицистикалық шығармалары топтастырылған көрме ұйымдастырылды.