«Білім көзі – кітапта» тақырыбында кітап оқу марафоны өткізілді.

16 сәуір күні 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Білім көзі – кітапта» тақырыбында кітап оқу марафоны өткізілді.

Іс-шара барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары өздері оқыған кітаптарының мазмұнымен бөлісіп, алған әсерлері туралы әңгімеледі. Бұл марафон оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, білімге деген құштарлығын нығайтты.

Шара соңында бірнеше кітап оқып, белсенділік танытқан жеңімпаз оқырмандар арнайы дипломдармен марапатталды.