“Білім байрағым мен ұраным” тақырыбында ақылды күрес ұйымдастырылды.
3 маусым күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Төлеби мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен ҚР Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында “Білім байрағым мен ұраным” тақырыбында ақылды күрес ұйымдастырылды. Іс- шара ҚР мемлекеттік әнұранымен ашылып, мемлекеттік нышандардың авторы мен шығу тарихы туралы мәліметтер берілді. Оқырмандар рәміздер туралы викториналық сұрақтарға жауап берді және “Білім-байрағым мен ұраным” тақырыбында кітап сөресі таныстырылды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін насихаттау және көпшілікке дәріптеу арқылы ұлттың санасы мен отаншылдық сезімін, азаматтық орнын сезінуді қалыптастырады.

