«Биік сенің мәртебең, ана тілім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

4 қыркүйек күні Бәйдібек ауылдық кітапханасында «Биік сенің мәртебең, ана тілім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты:ана тілінің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, қазақ тілін құрметтеуге, оны күнделікті өмірде кеңінен қолдануға және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға тәрбиелеу.

Дөңгелек үстел барысында қазақ тілінің тарихы мен қалыптасуы, бүгінгі қоғамдағы орны және мемлекеттік тіл ретіндегі маңызы туралы мазмұнды пікірлер айтылды. Қатысушылар ана тілінің – ұлттың рухани қазынасы, ұлттық болмыстың негізі екендігіне тоқталып, оны сақтау мен дамыту әрбір азаматтың парызы екенін атап өтті.