«Берекелі отбасы-бақыт мекені!» тақырыбында тич-ин өткізілді.
15 мамыр күні 15 мамыр Отбасы күніне арналып Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Берекелі отбасы-бақыт мекені!» тақырыбында тич-ин өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы жас оқырмандарға «Отбасы» дегеніміз не деген сұрақтар қою арқылы, балаларға Отбасы адам үшін ең әлеуметтік орта, Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы екендігін түсіндіріп өтті.
Мақсаты: Отбасы құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту, отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.



