«Берекелі бизнестің сыры» кездесу кеші өтті.
29 сәуір күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен көпбалалы ана, жас кәсіпкер Мажиева Балнұр Талғатқызымен «Берекелі бизнестің сыры» кездесу кеші өтті.
Кәсіп ашып, адал еңбек ету бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Қазіргі таңда ісін дөңгелетіп, маңдай терімен нәпақасын тауып жүрген жандар көп. Солардың бірі жігерлі де белсенді жас кәсіпкер Мажиева Балнұр.
Кездесу барысында кәсіпкер өз тәжірибесімен бөлісіп, кәсіппен айналысу кез келген адамның қолынан келетінін, ең бастысы – ниет пен табандылық екенін атап өтті.
Сондай-ақ, ол жастарға кәсіп ашу арқылы өзін-өзі қамтып қана қоймай, болашақта істі кеңейтіп, өзге адамдарды да жұмыспен қамтуға болатынын жеткізді. Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.



