«Бексұлтан – ұлттық рухтың тасушысы» портреттік кеш өткізілді.

20 ақпан күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті жазушысы, публицист, қоғам қайраткері Бексұлтан Нұржекеұлының 85 жас толуына орай «Бексұлтан – ұлттық рухтың тасушысы» портреттік кеш өткізілді.

Кітапханашы

Бексұлтан Нұржекеұлы – қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар қаламгер. Оның шығармаларында ұлттық рух, ел тарихы, салт-дәстүр, адамгершілік құндылықтар кеңінен көрініс табады. Жазушы туындылары арқылы қазақ халқының өткенін, тағдырын, рухани байлығын терең суреттейді.