«Бейімбет Майлин – Ұлт мақтанышы» атты тәрбие сағаты өткізілді.
14 қараша күні Бірлік ауылдық кітапханасында Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Бейімбет Майлин – Ұлт мақтанышы» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Шараның мақсаты: оқушылардың жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Іс-шара барысында оқушылар Б.Майлиннің шығармалары бойынша ақпаратты өз бетінше талдап, түйінді мәселелерді анықтап, олардың шешімін тапты.
Тәрбие сағатының соңында оқушылар жазушының шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беру арқылы алған мәліметтерін бекітті.

