“Бейімбет-мәңгілік ғұмыр” атты ерлік сағаты өтті.
13 қараша күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин мектебінің 9-сынып оқушыларының қатысуымен атақты жазушы, ақын, қазақ әдебиетінің қалыптасуына зор үлесін қосқан Бейімбет Майлиннің 130-жылдығына орай “Бейімбет-мәңгілік ғұмыр” атты ерлік сағаты өтті.Шара барысында кітапханашы сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартқан жазушының өмір жолымен таныстырып, шығармаларына қысқаша тоқталып өтті.

