«Бейбіт күннің бағасы ерлердің ерлігі» тақырыбында ардагерлермен кездесу кеші өтті.
12 ақпан күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына орай «Бейбіт күннің бағасы ерлердің ерлігі» тақырыбында ардагерлермен кездесу кеші өтті.
Кеш барысында кітапханашы қысқаша ауған соғысы туралы айтып өтті.
Кеш қонақтары ардагерлер Қырықбаев Бақберген, Бөкенов Бақыт оқырмандарды Отанды қорғауға, адал қызмет етуге шақырып, ауған жерінде болған оқиғалары туралы баяндап ой бөлісті. Осы орайда қатысушылар ауылымыздың имамы Алимбеков Жетпісбай және жастар инспекторы Аралбай Айжан қатысушыларға жылы сөздерін арнап, сәттілік тіледі.




