«Бауыржан мұрасы-ұрпаққа өнеге» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді.
28 шілде күні Бірлікүстем ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен қазақ халқының мақтанышы, Ұлы Отан соғысы жылдарында ел мен жер үшін от кешкен ержүрек қолбасшы, аты аңызға айналған жауынгер, қаламы мен қаруы қатар жүрген ұлы тұлға Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай «Бауыржан мұрасы-ұрпаққа өнеге» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында кітапханашы ержүрек қолбасшының өмірі мен ерен ерлігі жайлы таныстырып өтті. Соңынан кітапханашы кітапхана қорындағы әдебиеттермен таныстырып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.



