“Бауыржан Момышұлы жауынгердің тұлғасы” атты тарихи кеш өтті.
28 қаңтар күні Төле би ауылдық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдасуымен Мұхтар Әуезовтің 3 сынып мектеп оқушыларының қатысуымен Биылғы 2025 жыл “Ел болып оқимыз” жобасы аясында қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, Ұлы Отан соғысында даңқы шыққан стратег және тактик, жазушы Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының “Бауыржан Момышұлы жауынгердің тұлғасы” атты тарихи кеш өтті.Іс-шара барысында кітапханашы аты аңызға айналған қазақ елінің батыры Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен шығармалары туралы түсінік берді.Мақсаты: Жас ұрпақты батырлыққа, қайсарлыққа ұлтжандылыққа баулу,жерін елін сүюге тәрбиелеу.

