“Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға” атты тарихи сағат өтті.
28 қаңтар күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Ел болып оқимыз” жобасы аясында “Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға” атты тарихи сағат өтті. Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өмірін насихаттай отырып, Отанға деген, өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

