“Батырлықтың символы – Бауыржан Момышұлы” атты патриоттық сағат өтті.
5 желтоқсан күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Ел болып оқимыз” жобасы аясында “Батырлықтың символы – Бауыржан Момышұлы” атты патриоттық сағат өтті. Мақсаты: Оқырмандарға Кеңес Одағының батыры,Ұлы Отан соғысының даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен ерліктерін таныстыра отырып, отансүйгіштікке, батырлыққа, рухани тазалыққа тәрбиелеу. Іс- шара барысында оқушыларға Б.Момышұлының өмірі, әскери қызметі, жауынгерлік ерлігі туралы ақпараттар ұсынылып, оның нақыл сөздері мен шығармаларынан үзінділер оқылды.



