«Батылдық пен парасаттың үлгісі – Бауыржан» атты тарихи сағат өтті.

24 желтоқсан күні Балалар мен жасөспірімдер кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Қазақстанның Халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлына арналған «Батылдық пен парасаттың үлгісі – Бауыржан» атты тарихи сағат өтті.

Іс-шараның мақсаты: Батырдың өмірі мен ерлігін жас ұрпаққа үлгі етіп, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар Б. Момышұлының өмір жолымен танысып, батылдық, тәртіп пен парасаттылық ұғымдары талқыланды.