«Бар мейіріміміз – балаларға» атты сурет байқауы өткізілді.

1 маусым күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бар мейіріміміз – балаларға» атты сурет байқауы өткізілді.

⚜️Байқау төрт кезең бойынша ұйымдастырылды:

1. Таныстыру;

2. «Құмыраны гүлге толтыру»;

3. Аппликациялық сурет жасау;

4. «Жаз – керемет жыл мезгілі».

⚜️Іс-шара барысында жас суретшілер «Достық» және «Балдырған» топтарына бөлініп, берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындады. Қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, қиялдарын және өнерге деген қызығушылықтарын танытты.

⚜️Байқау соңында Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Бағдагүл Дәулетханқызы Алжанбаеваның қолдауымен барлық қатысушылар марапатталып, сый-сияпаттарға ие болды.

⚜️Іс-шараның мақсаты: балаларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету, сурет салу дағдыларын дамыту, логикалық ойлау, есте сақтау және елестету қабілеттерін жетілдіру, сондай-ақ шығармашылық белсенділіктерін арттыру.

Возможно, это изображение ребенок и учеба