«Бақытжан Бауыржанұлы:ел рухын көтерген тұлға» тақырыбында танымдық сағаты болып өтті.
7 қазан күні Бірлікүстем ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен белгілі жазушы,әрі аудармашы Бақытжан Бауыржанұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Бақытжан Бауыржанұлы:ел рухын көтерген тұлға» тақырыбында танымдық сағаты болып өтті. Іс-шара барысында жазушының өмірбаяны,шығармашылығы туралы баяндалды.
Кеш мақсаты: жазушы,қоғам қайраткері Бақытжан Бауыржанұлының өмірі мен шығармашылық жолын таныстыру,әдеби мұрасын насихаттау,қаламгердің қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесін насихаттау.Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке, ұлттық құндылығымызды құрметтеуге тәрбиелеу.


