«Бақытты отбасы – береке ордасы» ақпараттық релиз ұйымдастырып өткізді.

15 мамыр күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Халықаралық отбасы күніне орай «Бақытты отбасы – береке ордасы» ақпараттық релиз ұйымдастырып өткізді.

Мақсаты: Оқушыларға отбасының қоғамдағы маңызын түсіндіру, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды насихаттау.

Іс шара барысында оқушылар отбасы мүшелерінің рөлі, сыйластық, қамқорлық, жауапкершілік туралы түсінік алып, өз ойларымен бөлісті.